Politics

«Масс-медиа туралы» заң жобасы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды

28 наурыз күні Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына Дархан Мыңбай төрағалық етті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау болды, деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.

Аталған заң жобасы журналистер арасында талқыланды. Заң жобасына журналистердің мәртебесіне, БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландыруды реформалауға және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 50-ден астам түзетулер енгізілді.

Жалпы алғанда, заң жобасын кеңес мүшелері қолдады, дегенмен, жекелеген түзетулерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізілді.

Сондай-ақ жиын барысында қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы да талқыланды.

Айта кетейік, АҚДМ Қоғамдық кеңесінде азаматтық қоғам, жастар мен отбасы, ақпарат және қоғамдық келісім саласындағы жалпы 4 комиссия жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button