PoliticsБасты

Қазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Румыния және Словениядағы Елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды» – делінген Жарлық мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button