Social

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Наурыз мерекесімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен қүттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Наурызда күн мен түн теңеліп, тіршілік қайта түлейді. Бұл мереке қайырымдылық пен ұйымшылдықтың да жарқын көрінісі.

Тұрғындар бұл мерекені ылғи да ерекше ықыласпен күтеді. Қалада Наурыз мейрамының құрметіне орай 100-ден астам түрлі іс-шара өткізіледі. Мереке тұжырымдамасы аясында мұқтаж жандарға да көмек көрсетіледі.

Наурыз мейрамымен  шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және табыс тілеймін!»  — деп жазды елорда әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button