Social

ҚР-ның азаматтық туралы заңнамасын бұзған ресейлік әйелге айыппұл салынды

Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматшасына Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері көліктегі ПД-да ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша бір қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 51 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і 5 жыл мерзімге елімізге кіруге тыйым сала отырып елден тысқары шығарылды.

– Мәселен, Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтау қаласының әуежайында Қазақстанның азаматтығы туралы заңнамасын бұзған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматшасын анықтады. Оның айтуынша, шетелдік әйелге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Ресей Федерациясының азаматшасы 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау нәтижесінде қос азаматтығы үшін барлығы 8 адам анықталып, жауапкершілікке тартылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button