PoliticsБасты

Қайырбек Өскенбаев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында онлайн-форматта азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Өңір тұрғындары ИИДМ басшысына пайдалы қазбаларды өндіру, инфрақұрылымды дамыту және басқа да мәселелермен жүгінді. Қабылдау барысында сонымен бірге Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы және өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласын баламалы дамыту бойынша ұсыныстар келіп түсті.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қайрат Әшімов қабылдауға «профильсіз терезелер жүйесі – витраждар» жаңа технологиясын енгізуге қатысты мәселеге түсініктеме беру туралы өтінішпен жазылған.

«Министрлік тарапынан құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі жасақталуда. Осыған байланысты, аталған материалды қолдана отырып, бұл технологияны тізілімге енгізу үшін құрылыстағы жаңа технологиялар туралы ақпаратты арнайы нысан бойынша ұсыну қажет», — деді министр.

Орал қаласынан хабарласқан Муслима Исказеева жетім балалар санаты үшін тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен жүгінді. Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында кезекте тұрған азаматтардың мәселелерін жедел шешу үшін тұрғын үйді жалға алуға берілетін субсидия түріндегі тетіктер енгізіліп жатқанын атап өткен жөн. Бұдан басқа, жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің баламасы ретінде бастапқы жарнасы бар жеңілдікті қарыздар алу тетігін қарастыруға болады.

Қабылдау қорытындысы бойынша ведомство басшысы қаралған әрбір өтініш бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелерді өзінің жеке бақылауына алатынын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button