SocialБасты

Үш ҰОС ардагеріне «Халық қаһарманы»атағы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали

Насырханұлы

(марқұм)

 –  

8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

 

Несмиянов Александр

Александрович

(марқұм)

 

126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

 

Сүлейменов Ыбырайым

(марқұм)

 –   100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген жарлық мәтінінде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button