SocialБасты

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 7-9 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстікте — найзағай мен жаңбыр, елдің орталығы мен шығысында — жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Еліміз бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады. Республиканың солтүстік жартысына Батыс антициклоны әсер етеді, онымен кезең соңында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button