PoliticsБасты

ИИД министрі әлеуметтік желілерде ресми парақшасын ашты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларын ашты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Халықпен тікелей өзара байланыс орнату және сұраныстарына жедел ден қою үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Instagram, Telegram әлеуметтік желілеріне тіркеліп, ресми парақшаларын ашты. Ведомство басшысы атап өткендей, ашықтық пен қолжетімділік Министрлік жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИИДМ елдің индустриялық-инновациялық дамуы бойынша жұмыс жүргізеді және құрылыс индустриясы, көлік логистикасы, машина жасау, жеңіл және ауыр өнеркәсіп сияқты салаларға, сондай-ақ экономиканың авиациялық, теміржол және автомобиль тасымалдары сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларына жетекшілік етеді. 

Instagram https://www.instagram.com/kairbek_uskenbayev/ 

  Telegram https://t.me/kairbek_uskenbayev 

Басқа жаңалықтар

Back to top button