Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.
Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 2, 2022