23 ақпанда көліктер мен ауылшаруашылық техникаларына утилизациялық алым мөлшерлемесі 50%-ға төмендейтіні белгілі болды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа тарифтер қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Дедлайн – 1 мамыр. Бірақ бұл максимум, мұны бұдан да жылдамырақ жасай алатын шығармыз. Бәлкім, сәуірдің ортасында немесе тіпті басында, деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев