PoliticsБасты

Үкіметте Парламент Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобымен кездесу өтті

Аталған шараға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуді көздейтін Үкімет пен депутаттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиімді форматын талқылады.

Вице-Премьер Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкімет пен «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы коммуникацияның заманауи құралдарын пайдалана отырып, тұрақты диалог орнату қажеттілігін атап өтті. Азаматтардың барлық сұраныстарына тұрақты кері байланыс режимінде жедел және пәрменді ден қойылуы керек.

Мәжіліс депутаты, «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының өкілі Айдос Сарым халық үшін маңызды және қажетті бастамалардың айтылғанын, олар толық көлемде жүзеге асырылуы қажет екенін, сайлаушылар Президент белгілеген тапсырмалар бойынша нақты нәтижелер күтетінін атап өтті. Кездесуге қатысушылар депутаттардың өңірлерге шығу қорытындылары бойынша Парламентте бірлесіп, халықты толғандыратын мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды талқылап, оларды іске асыру туралы шешімдер қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button