Түскен қаржы ақылы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.
2021 жылы еліміздегі ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.
Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд. теңге түсті.
Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд. теңгені түсті.
Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.