PoliticsБасты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шигео Катсудың  айтуынша, Университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы  жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев Университетіне баруға ниетті екенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button