27 қарашада Оқушылар сарайындаТұңғыш Президент күні мен ҚазақстанРеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жылдығынаарналған ұлттық мектеп пікір сайыс турнирініңсалтанатты ашылуы өтті.
Пікірсайыс білім беру технологиясы ретінде жастардың әлеуетін, әсіресе мектеп жасында, сондай-ақ жаңа буын көшбасшыларының өсуіне ықпал етеді. Соңғы 15 жылда елімізде ұлттық деңгейде оффлайн форматта оқушылар арасында пікірсайыс турнир өткізілген жоқ.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында турнир Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының бастамасымен және қолдауымен өтуде. Ұйымдастырушы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.
Турнирге 34 команда қатысады. Олар өз өңірлерінде өткен іріктеу ойындарында жеңіске жетіп, 40 мыңнан астам оқушы арасында үздік атанған. Өңірлердің намысын тек облыс орталықтарынан ғана емес, шағын қалалардан, елді мекендерден және тіпті ауылдардан шыққан командалар қорғайды. Бұл пікірсайыс қозғалысының бүкіл республика бойынша дамуын айғақтайды.
Жас спикерлер американдық парламенттік формат ережелері бойынша үкімет пен оппозиция командалары болып, турнирдің жалпы тақырыбы –ел мен қоғамның қалыптасуының 30 жылдық жолына стратегиялық және жан-жақты көзқарасты талқылайды.
Турнирдің ашылу салтанатында қатысушыларғаарнап Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы:«Пікірсайыс – бұл нәтижесінде сізді үлкен жеңістерге жетелейтін шағын қадамдар.Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен келген білімді және қабілетті оқушылары елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына жиналды. Біз турнирға қатысушы оқушылар оң өзгерістердің болашақ менеджерлері болады деп сенеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы жастарымыздың әлеуетін дамыту мен жан-жақты ашу үшін мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалады», – деді.
Ашылу салтанатына «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Мұрат Жұманбай, ҚР БҒМ РҚББОӘО директоры Раиса Шер, «R4 Technology & Research Center» білім беру-зерттеу орталығының директоры Айдын Тусюбжанов және басқа қоғам қайраткерлері қатысты.