ӘлемБасты

Мемлекет басшысы Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған.

“Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, Премьер-министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді”, – деп жазды Берік Уәли.

Басқа жаңалықтар

Back to top button