PoliticsБасты

Елбасының Бас партия төрағалығын Тоқаевқа тапсыруы туралы депутаттар не дейді?

Бекзат Алтынбеков, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, меценат

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің жетекші партиясының болашағы үшін үлкен шешім қабылдады. Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы бұдан былай партияны ел Президенті басқару қажеттігін айтып, «Nur Otan» партиясының төрағасы өкілеттігін тапсыратынын және партия төрағасы лауазымын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беретіндігін мәлімдеді. Төрағалық лауазымды тапсыру-қабылдау барысы «Nur Otan» партиясының жарғысына сәйкес жүргізілетіні де баяндалды. Бұл – «Nur Otan» партиясы алға қойған бастамалардың бірі «ұрпақтар сабақтастығы» принципінің іс-жүзінде орындалып жатқанының айқын көрінісі.

Бүгінгі таңда елімізде саяси жаңғыру жұмыстары сәтті жүзеге асуда. Нұрсұлтан Әбішұлы «Nur Otan» партиясының іргесін қалап, қиын кезеңдерде тізгінін ұстаған әрі өзінің батыл шешімдері арқылы партияны халыққа қызмет етуге бағыттаған саяси ірі тұлға. Ел Президенті, партиямыздың жаңа басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Nur Otan» партиясының тұңғыш төрағасы салған сара жолды жақсылықпен жалғап, жаңа белеске шығарады деп, біз кәміл сенеміз әрі әрдайым барынша қолдаймыз!

Бас партияның төрағалығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың келуі ел Тәуелсіздігінің мерейлі 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінің тарихи мәні зор. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырыс барысында бірқатар елдік маңызы айрықша мақсаттарды, саяси-қоғамдық, ұлттық-рухани идеяларды ұсынды. Алдағы уақытта, осы бағыттағы жұмыстардың жемісті болуына баршамыз жұмылуымыз қажет.

Ел дамуының жаңа парағы, жаңа кезеңі қалыптасуда. Осы тұста, бүгінгі шешім жан-жақты ойластырылған, Қазақстанның жарқын болашағына бағытталған өте оңтайлы шешім деп есептеймін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button