Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды», – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button