ӘлемБасты

Қазақстан мен Кувейт арасында тұрақты әуе рейстері ашылады

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Boeing A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button