ӘлемБасты

Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында әуе рейстері қайта жанданады

2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан – Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды. 

Нәтижесінде «Эйр Астана» әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button