Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Твиттер парақшасында жазды.
«Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!», деп жазды ол.