EcoБасты

«World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы аясында 11 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

2021 жылғы 18 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде «World CleanUp Day 2021» Дүниежүзілік акциясы өтті.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 18 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 11 мың тоннадан асты. 23 мың гектар аумақ жиналып, 1800-ге жуық ағаш отырғызылды.

Биыл бүкіл ел бойынша тазалау үшін мыңнан астам орын анықталды. Нұр-Сұлтан қаласындағы негізгі алаң Алматы ауданындағы Нұра-Есіл каналының бойындағы учаске болды.

«World CleanUp Day» Бүкіләлемдік акциясы қоқысты жинауға ғана емес, оны сұрыптап, қайта өңдеуге де бағытталған. Сұрыпталған қоқыстардан биылғы жылы қайта өңдеуге шыны, пластик, резеңке, қағаз, картон, металл сияқты екі мың тонна қалдық тапсырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button