ӘлемБасты

Үндістанда жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қайтыс болды

Үндістанның орталық бөлігіндегі Чхаттисгарх штатында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тауып, тағы жеті адам ауыр жарақат алған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Синьхуа хабарлайды, деп жазды 24kz сайты.

Мәлімет бойынша, оқиға штаттың әкімшілік орталығы саналатын Райпурден оңтүстікке қарай 188 шақырым жерде, Кондагаон ауданында болған. Моторлы үш дөңгелекті велосипед пен жол талғамайтын көлік бетпе-бет соқтығысып, велосипедтегі жеті адам сол жерде тіл тартпай кеткен, тағы екеуі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Олардың ішінде төрт әйел мен бір бала бар. Қайтыс болған тоғыз адамның барлығы бір отбасының мүшелері екен.

Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button