SocialБасты

Нұр-Сұлтанда 1 қыркүйектен бастап онлайн-санақ басталады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында 2021 жылы халық санағы қалай жүзеге асырылатын айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«1 қыркүйектен бастап онлайн-санақ басталады. Санақ sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады. Қала тұрғындары орналасқан жеріне қарамастан виртуалды көмекші арқылы өздеріне және отбасы мүшелеріне арналған санақ парағын толтыруы қажет. Міне осылай санақтан өте алады.

Онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау 1 қазан мен 30 қазан аралығында өтеді. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшеттерді пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы ақпарат базасына жіберіледі. Санақ санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Оны өткізу жұмысын жауапты мемлекеттік органдармен талқыладық.

Қызметкерлер міндетті түрде вакцина алуы керек. Бұл олардың да, өзгелердің де денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Санақ қызметкерлерінің жалақысы есептелетінін, көлік карталары берілетінін атап өткен жөн.

Халық санағы бойынша маңызды ақпарат ПИК (МИБ), ТҚК, басқарушы компаниялар, СОО, лэд-экрандар және басқа да ақпарат көздері арқылы жеткізіледі.

Елімізде санақ соңғы рет 2009 жылы өткізілді. Ол маңызды аналитикалық мәліметтерді, соның ішінде халықтың нақты санын, жасын, гендерлік құрамын және т.б. алуға мүмкіндік береді», – деп жазды елорда әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button