Елордалық мұғалімдердің жалақысы соңғы екі жылда – 2020/2021ж. 50 пайызға өсті. 2022 жылы педагогтердің еңбекақысы тағы 25 пайызға артады. Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң бар. Алтай Көлгінов тамыз айындағы онлайн-кеңесте мұғалімдер үшін қандай жағдайлар жасалатыны туралы айтты.
«Біз оқу орындарының құрылысына ерекше назар аудара отырып, әлеуметтік нысандарды жүйелі түрде салып жатырмыз. Мектептердің қажетті санын одан әрі салатын боламыз. Алайда біздің балаларымызды мектеп қабырғалары емес, мұғалімдерді оқытады.
Ел басшылығы біздің педагогтеріміз үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға, 2021 жылы тағы пайызға өсті. Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы тағы да артады. Ұстаздардың жалақысы 2024 жылға дейін жыл сайын 25 пайызға өсіп отырады. Сондай-ақ, біліктілік санаты үшін қосымша ақы қарастырылған.
Сонымен қатар, біз өз тарапымыздан тұрғын үй жағдайларын жасау бойынша жұмыс істейміз: кезекте тұрғандарға тұрғын үй сертификаттарын бөлеміз, бағдарламаны Қазақстандық тұрғын үй компаниясымен (ҚИК) бірлесіп жалғастырамыз. Сондай-ақ, 2019 жылы жас мұғалімдерді қолдау үшін 350 орындық жас педагогтер үйі салынды», – деп атап өтті елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар, елорда әкімдігі мұғалімдердің кәсіби дамуына назар аударады: Оzat жобасын іске асыру аясында мектептер мен колледждердің 400 пән мұғалімі РІЅА тапсырмаларына білім алушыларды дайындау бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті, Кембридж университетімен бірлесіп SHARE жобасы іске қосылды: бірлескен зерттеулер жүргізілуде, ақпарат алмасып жатыр, пандемияға дейін шетелдік іссапарлар ұйымдастырылды және т.б.
Кадрларды тарту үшін жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуға гранттар бөлінеді. Мысалы, биыл жұмысқа 800-ге жуық педагог қабылданды. Мұғалімдерге жағдай жасау бойынша жоғарыда аталған барлық шаралар жүйелі негізде жүргізіледі.