SocialБасты

Жыл басынан бері қазақстандық әуе компаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 2 есе өскен

Әуе рейстері қалпына келтірілгеннен кейін биыл өткен жылмен салыстырғанда тасымалданған жолаушылар саны өсті.

2021 жылдың 7 айында тасымалданған жолаушылар саны 96%-ға артып, 5,1 млн адамға жетті.

Айта кетейік, 2020 жылдың осы кезеңінде жолаушылар саны 2,6 млн адам, ал 2019 жылы 4,6 млн адам болған. 

Сондай-ақ Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 58%-ға артып, 8,1 млн адам болды. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button