PoliticsБасты

Данияр Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған. 2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.

2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button