Басты

ДДСҰ: Әлемде індеттің таралуы қайта күшейіп келеді

Еуропада коронвирустың таралуы бәсеңдегенмен, әлемде індеттің жайылуы қайта күшейіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік денсаулық сақта ұйымы басшысы Тедрос Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Соңғы 10 күнде әлемде дертті жұқтырғандардың саны тәулігіне 100 мыңнан асқан. Індетті жұқтыру дерегінің көбі Америка, Оңтүстік Азия жән Африкада тіркеліп отыр. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда да науқастардың қатары көбейе түскен. Сондықтан ұйым басшысы жағдайды бақылауды босаңсытпауға шақырды.

Тедрос Адханом Гербейесус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

– Біз әлемде шерулерге қатысып жатқан азаматтардан сақтық шараларын барынша ұстануды сұраймыз. Адамдар арасындағы арақашықтық бір метрден кем болмасын. Медициналық бетперде тағып, қолдарыңызды жиі-жиі тазалап тұрыңыздар. Ал ауырған адамдарды үйден шықпай, емделуге шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button