AgroБасты

АШМ мемлекеттік инспекторлары 1723 заң бұзу фактісін анықтады

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында АШМ мемлекеттік инспекторлары 92 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында өсімдіктер карантині саласында 1 723 заңбұзушылық анықталды.

Оның ішінде ең көп таралғандары – өнімді фитосанитариялық сертификатсыз алып жүру. Сонымен қатар, қаптамада таңбалаудың болмауы, фитосанитарлық сертификат талаптарына сәйкес келмеу және фитосанитарлық талаптардың бұзылуы фактілері тіркелген. 150 жағдайда карантиндік объектілер анықталған.

403 жағдайда карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы елге қайтарылды, тағы 8 жойылды.

Сонымен қатар, 1 406 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 92 401 241,0 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әзірбайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет тарапынан Әзірбайжан аумағынан қызанақ жемістерін әкелуге шектеу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізілді.

Заңнамаларды басшылыққа ала отырып және Әзірбайжан республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінен келіп түскен карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің алдын алу бойынша қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпараты назарға алынып, 2021 жылғы 21 қаңтардан бастап осы шектеу алынып тасталды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Түркменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің фитосанитариялық сертификаттарының сүйемелдеуімен Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде «қоңыр әжім» вирусының (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) 19 дерегі анықталған.

Карантиндік объектілердің жүйелі түрде анықталуына және ЕАЭО бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарының бұзылуына байланысты, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 2021 жылдың 7-маусымынан бастап Түркменстан аумағынан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button