Иранда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Елде бір тәулікте 27 146 адам індетке шалдыққан және 268 адам қайтыс болған. Пандемия басталғаннан бері елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 3 691 432 адамға жетті, елдің 88 800 тұрғыны ауру салдарынан қайтыс болды. Реанимация палаталарында 4 863 науқас емделуде», – деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.
Сонымен қатар COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың I компонентін 7 871 104 адам, ІІ компонентін 2 394 707 адам салдырды. Иранның жалпы халық саны 83 миллионнан астам адамды құрайды.