Павлодардан Түркістанға ұшу аптасына үш рет орындалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жаңа бағыт 21 шілдеде іске қосылып, қызметті «Scat» авиакомпаниясы ұсынады.
– Екі өңірді қосатын Павлодар – Түркістан тікелей әуе қатынасы әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі орындалмақ. Ұшу 1 сағат 40 минутқа созылады. Бұл бағыттағы билеттің нақты бағасы бекітіліп, 25 мың теңгені құрайды, – дейді басқармада.
Билеттерді Павлодар әуе кассаларында немесе онлайн қызметтер арқылы сатып алуға болады.