AgroБасты

Қызылорда облысында 3 мың рулон шөп өртеніп кетті

Қызылорда облысында 3000 рулон шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты М.Нәлібаев ауылдық округінде 21 шілдеде сағат 20.20-да болған. Жергілікті шаруа қожалығының аумағындағы ашық алаңда жиналған шөп өртенген.

«Шөптің жалпы саны 3000 рулонды құрайды. Ол шамамен 1200 тоннаға жуық. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 13 қызметкер 3 автокөлікпен барды. Олардың күшімен сағат 23.30-те оқшауланып, 00.30-те толығымен сөндірілді», – деді департаменттен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button