Басты

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің уақыты анықталды

Жақында ғана әлемдегі беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырған аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұловтың қашан дебюттік жекпе-жегі өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды kazgazeta.kz


Бұл туралы спортшы өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады.

«Ал халайық, UFC-дегі жекпе-жек күні мен қарсыласым белгілі болды. Жауынгерлік аралға иншаАллах баруға дайынмын деп айта аламын. Мен қазір барлығын хабарлауға қуаныштымын, бірақ менде ондай мүмкіндік жоқ. Біз Алла Тағалаға сенім артамыз. Халқым мені әрқашан қолдайды», – деді Жалғас.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық. Бұдан бұрын Шавкат Рахмонов UFC тұжырымына ауысқан. Сондай-ақ UFC тұжырымымен келісімшарт жасасқан этникалық қазақ Дамир Ысмағұловты да атап өтуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button