SocialБасты

Глубокое ауданында еуропалық стандартпен жаңа ЖЭО салынып жатыр

ШҚО әкімі Қазақстан-Түркия бірлескен жобасы бойынша экологиялық тұрғыдан еуропалық стандартқа сай келетін Глубокое ауданында жаңадан салынып жатқан Жылу электр Орталығына (ЖЭО) барды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Глубокое кентінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында жаңа жылу көзінің құрылысы жалғасып жатыр. 2020 жылдың маусым айында «Mimsan Endustri Kazanlari Sanayive Ticaret A. S.» акционерлік қоғамымен жобаны 12 жыл, қазандықты 11 жыл пайдалануға арналған шарт жасалды.

Құрылыс алаңын аралау барысында құрылысшылар мен инвесторлар облыс әкіміне Түркиядан әкелінген үш жаңа қазандықты және жабдықты монтаждау процесін көрсетті. Сондай-ақ, олар қалған агрегаттар жолда келе жатқанын және қалған бір бөлігі Өскемен мен Семей кәсіпорындарында жасалғанын жеткізді.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, биыл пайдалануға берілетін ЖЭО «Қайнаған қабатта жанатын отын» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл – кез келген көмір толық жанып кетеді, отын талғамайды дегенді білдіреді. Жобаның артықшылықтарының бірі – көмірдің күлі аз шығады және отынға үнем болады.

«Ескі жүйе бұрын тәулігіне 110 тонна көмір жақса, мына жаңа жүйеге тек 80 тонна отын қажет болады. Ескі жылу станциясы әбден тозған. Онда 1938 және 1949 жылдары шығарылған қазандықтар орнатылған. Ал, бұл қазандықтар кенттің дамуын тежейді», – деді Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің айтуынша, жақын арада жергілікті билік осындай ЖЭО-ның тиімділігіне толық талдау жасайды. Жобаның тиімді әрі ұтымды жағын көретін болсақ, оны Курчатов, Семей және Өскемен қалаларына ЖЭО салғанда қолданамыз. 

«Қазіргі уақытта бізге инвестициялық жоба құрылысының кестеден кешікпей жүруі маңызды», – деді Д.Ахметов

Басқа жаңалықтар

Back to top button