Telegram каналында COVID-19 қарсы вакцинацияланған барлық адамдар тәжірибеге қатысушылар болып табылатыны туралы хабарлама тарады. Автордың айтуынша, вакцина салдырғандардың бәріне бірдей металл заттар жабыспайтыны бұған дәлел бола алады. Бұл жалған.
Хабарлама авторы вакцинаның ешқайсысы сынақтан өтпеген және мақұлданбаған деп мәлімдейді. Шын мәнінде, бүгінгі күні кем дегенде бір елде 20 вакцина мақұлданып отыр.
Вакциналардың клиникалық сынақтарының нәтижелері ашық дереккөздерде жарияланды.
Мысалы, «Спутник V» вакцинасы 60 жастан асқан адамдарда да сыналды. Ал Pfizer/BioNTech және
Moderna препараттары жүкті әйелдер үшін де қауіпсіз деп танылды.
Кейбір адамдарға вакцинаның орнына плацебо егілетіні да шындыққа жанаспайды. Екпені алуды магнит сияқты металл заттарды тарту арқылы тексеруге болмайды. Вакциналар құрамындағы магнит бөлшектер туралы болжамдар бірнеше рет теріске шығарылған. Вакциналарда магниттік қасиеттері бар бөлшектер жоқ.