Қазақстан құрамасының қақпашысына ақша үшін ұтыла салу ұсынылған
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников карьерасында оған бірнеше рет ұтыла салуды ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews. Сонымен бірге, ол ел чемпионатындағы ең әсерлі сәттерді есіне алды.
«Ақша үшін ұтыла салуды ұсынатын, бірнеше рет. Олардың арасында ісімді жүргізетін агентімнің сұрағаны ең үлкен сатқындық пен жауыздық болды. Содан кейін онымен қарым-қатынасымды үздім.
Қазақстанда қалай тұрдым? Өте ұнайтын, әлі де онда барған кезде қуанамын, әйелім Алматыдан. Маған да қатынас оңды еді, әсіресе жақсы ойын көрсеткенде. Нашар ойын болғанда, қатынас та нашарлай түсетін, бірақ, бұл заңды да.
Қазақстандағы карьерамның есте қалған ең әсерлі сәті – «Ақтөбемен» үшінші чемпиондық, «Ордабасыға» қарсы ойын, ол кездегі эмоциаларды ешқашан ұмытпаспын», – дейді Сидельников Instragram желісінде.