Басты

Алматыдағы блокбекетте болған жол апаты: үшінші полицей есін жиды

Алматыда блокбекетте болған жол апатынан зардап шеккен үшінші полицей есін жиып, сөйлей бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері үшінші полицейдің жағдайын айтты.

«Науқастың жағдайы тұрақталды. Есін жиды, сұрақтарға жауап бере алады. Қай жақта екенін, уақыт қанша екенін біледі. Бірақ басы әлі де ауырады, сондай-ақ, басы айналады. Палатада өз бетінше қимылдап, жүре алады», – деді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Мұның алдында 26 жастағы полицей Ербұлан Сейдазымның ауыр жағдайда екені хабарланған еді.

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button