TechБасты

Өскеменнің қоғамдық көліктеріне 1 қыркүйектен бастап электронды төлем жүйесі енгізілмек

Автобустарда, трамвайларда және микроавтобустарда жолақысын SMS, QR-код және «Oskemencard» көлік картасы арқылы төлеуге болады.

Өскемен қаласы осылайша заманауи қоғамдық көлік жүйесіне көшеді.

Қазір қаланың барлық қоғамдық көліктері валидаторлармен, GPS-трекерлермен, борттық компьютерлермен және мобильді терминалдармен жабдықталған. Жолақысының автоматтандырылған төлем жүйесіне 9 маршруттық такси қосылған (№ 228, 229, 230, 246, 253, 255, 260, 261 және 262), 4 автобус (№12, 24, 60 және 67) және 3 трамвай бағыты (№ 1, 3 және 4). Жүйе тамыз айының соңына дейін барлық қалалық маршруттарда іске қосылады.

Beeline компаниясымен бірге SMS және QR-код арқылы жолақысын төлеу механизмі ретке келтіріліп, тексерілді. Қызмет заманауи көлік жүйесі толық іске қосылғаннан кейін қолжетімді болады.

Жолақысын бүкіл әлемде кеңінен таралған дәстүрлі тәсіл – көлік картасы бойынша да төлеуге болады. Алдымен ол карта қаланың 34 нүктесінде сатылады, шығарылады және толтырылады. Бұл картан 500 теңге тұрады. Жеңілдігі бар көлік картасы мектеп картасы сияқты тегін берілетін болады.

Бұдан бөлек, «Oskemenbus» мобильді қосымшасы іске қосылды. Онда автобус қозғалысын қадағалауға, аялдамаға келу кестесі мен нақты уақытын тексеруге және межелі жерге дейін барудың ыңғайлы маршрутын жасауға болады. Іске қосылған бетте қосымшаны 100 мыңнан астам адам жүктеп алған.

Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Өскемен қаласының тасымалдаушылары облыс әкімімен Қазақстанның ірі қалаларында жақсы нәтиже көрсеткен электрондық билеттеу жүйесін талқылады. Көлік қызметкерлері бұл жүйе жолаушылар тасымалы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтқан еді. Сонымен қатар, Даниал Ахметовпен кездесуде биыл қыркүйек айына қарай тасымалдаушылар өз саласын дамыту жоспарын жасайтыны туралы келісімге қол жеткізілген болатын. Ол жоспарға бағыттарды өзгерту және жылжымалы құрамды жаңарту жөніндегі ұсыныстар да кіреді.

Анықтама: Өскемен қаласының маршруттық желісі 42 автобус, 12 микроавтобус және 4 трамвай маршруттарымен ұсынылған. Күн сайын желіге 276 және одан да көп көлік шығарылады, оның ішінде:

– трамвай-16;

– автобус-200;

– шағын автобус-60.

Тасымалдау келісім-шартын «РОСТ», «Vosca», «Марат М», «СТ Автосервис», «Вебас», «Таксопарк», «Бахытжол», «Өскемен қаласының Көлік Компаниясы» ЖШС, ЖК Кривошеев және Каленицкий жүзеге асырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button