EcoБасты

Қазақстан Green Future Index рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан әлемдік The Green Future Index рейтингінде 76 елдің ішінде 33-орынға шықты. Зерттеу нәтижесі Массачусетс технологиялық институтының климаттың өзгеруі проблемаларына бағытталған MIT Technology Review порталында жарияланды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған рейтингте жетекші елдердің төменкөміртекті келешекті қалыптастырудағы прогресі, экономиканың – энергетика, ауыл шаруашылығы, индустрия, әлеуметтік салаларының жасыл технологияға көшуі есепке алынады. Яғни, мемлекеттердің қайта өңделетін энергия, инновация мен жасыл қаржыландыруға инвестиция салуы басты назарға алынады.

Көрсетілген кестеде зерттелген экономика салаларының бір-біріне қатынасы көрсетіліп, көміртек  шығарындылары, Жасыл қоғам, энергетикалық ауысу, Таза инновациялар және климат саласындағы саясат бағыттары бойынша ортақ баға шығарылған.

Қазақстан 4,9 бал алып, 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіру үлесін 30%-ға жеткізу көзделіп отырғаны атап өтілген.

Алғашқы бестікке Исландия, Дания, Норвегия, Франция мемлекеттері жайғасса, соңғы орындарда Алжир, Ресей, Иран, Парагвай, Катар мемлекеттері тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button