28 маусым күні «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп сотта тергеледі. Бұл туралы 24kz хабарлады.
Дүйсенбі күнгі онлайн отырыста айыптаушы және қорғаушы тараптар оған сұрақ қоюға мүмкіндік алмақ. Осылайша былтыр сәуірде Қытайдан әкелінуі тиіс болған қорғаныш киімдері мен қару сақтауға қатысты істің мән-жайын өз аузынан естімек.
Еске салсақ, Берік Шәріптің үстінен қозғалған сот тергеуі сәуірден бері жалғасып жатыр. Оған өзі басқарған «СҚ-Фармация» былтыр көктемде қорғаныш киімін Гуанчжоудан уақытылы жеткізбегендіктен медицина қызметкерлері жаппай ауруға шалдықты деген айып тағылған.
Осы уақытқа дейін сотта прокуратура мен қорғаушы тарап ұсынған куәгерлер сөйлеген еді. Олардың қатарында Денсаулық сақтау министрлігі, әр өңірдің медициналық мекеме өкілдері, сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» мен әуе тасымалымен айналысатын компания қызметкерлері бар. Бұған дейінгі сот отырысында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Қазақстанның АҚШ-тағы өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев сотта түсініктеме берген.