Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Мухамади» шаруа қожалығының базасында тірі малды, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерін сататын базар ашу жоспарлануда.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл базарда көрші шаруашылықтың фермерлері өсірген өнімдерін сата алады. Айта кету керек, сатылмаған малды сол жердегі бордақылау алаңына қалдыруға болады. Ал, сатып алушылар үшін мал сою, етті мүшелеп бұзу және ыстау қызметтері қарастырылған.
«Аталмыш шаруа қожалық республикалық тас жолдың бойындағы «Атығай» асуында орналасқан. Сондықтан бұл жердің таңдалуы кездейсоқтық емес. Мал базары Ұлан ауданының жұртына және облыстың басқа елді мекендерінен келетін тұрғындар үшін де ыңғайлы болады», – делінген хабарламада.