ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Батырбек Әбділдин 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін, Сингапур университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстандағы шетелдік коммерциялық ұйымның өкілі ретінде бастаған.
2002-2005 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің «Құрылыс консалтинг» АҚ маманы; мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; директорының орынбасары.
2005-2009 жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2009-2011 жылдары — «Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК мемлекеттік сатып алу және материалдық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы; директорының орынбасары.
2011-2015 жылдары — «Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігерінің орынбасары.
2015-2020 жылдары жеке секторда еңбек еткен.
2018-2019 жылдары — Қазақстанның медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры.
2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобалық кеңсесінің басшысы.