ӘлемБасты

2021 жылы өмір сүруге қолайлы 10 үздік қала

Әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы қалалардың тізімін жаһандық рейтинг шеңберінде Economist Intelligence Unit (EIU) аналитикалық бөлімі жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» turizm.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімге әлемнің түкпір-түкпірінен 140 қала кірді.

Бірінші орын Жаңа Зеландияның Окленд қаласына бұйырды.

Окленд COVID-19 пандемиясының алдын алудағы қарқынды жұмыс, білім сапасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша ерекшеленген.

Веллингтон – Жаңа Зеландиядан ТОП-10-ға енген тағы бір қала, бірақ алғашқы ондыққа Австралияның төрт қаласы кіреді: Аделаида 3-орында, Перт 6-шы, Мельбурн 8-ші және Брисбен бұл тізімді түйіндейді.

Үздік 10-да Швейцарияның Женева мен Цюрих қалалары бар. Сондай-ақ Жапонияның Осака және Токио қалалары да өмір сүруге қолайлы қалалар қатарында.

Пандемияға байланысты Еуропаның көптеген қаласы бұрынғы жоғары позицияларынан айырылып қалды. Мысалы, 2018 жылы бірінші болған Вена биыл 12-орынға түсті.

Соңғы, 140-орында Сирияның Дамаск қаласы тұр. Оған себеп – елдегі соғыс салдары.

2021 жылы өмір сүруге ең қолайлы 10 қала:

Окленд, Новая Зеландия

Осака, Япония

Аделаида, Австралия

Веллингтон, Новая Зеландия

Aerial view of Wellington, New Zealand

Токио, Япония

Перт, Австралия

Цюрих, Швейцария

Женева, Швейцария

Мельбурн, Австралия

Брисбен, Австралия

Басқа жаңалықтар

Back to top button