PoliticsБасты

Ресейлік журналист Қасым-Жомарт Тоқаев туралы авторлық хабарын көрерменге ұсынды

Бүгін белгілі ресейлік журналист, халықаралық шолушы, тарихшы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымына сайланғанына екі жыл толуына орай өзінің YouTube арнасында авторлық хабарын жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.
Оның айтуынша, автор «Казахстан между Россией и Китаем. 2 года Президента Токаева» деп аталатын деректі жобада Қазақстан басшысының саяси бағыт-бағдары жөнінде өзінің ой-пікірін ортаға салған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалар туралы ғана емес, сондай-ақ Мемлекет басшысымен кездескенде алған өз әсері жайлы да егжей-тегжейлі әңгімелейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button