AgroБасты

Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтуде

 

Карантиндік талаптарға байланысты іс-шара онлайн-форматта өтіп жатыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров 2020 жылғы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы хабарлайтын халыққа есеп беру кездесудің тікелей көрсетілімі Youtube арнасында және министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүріп жатыр.

Селекторлық байланыс арқылы іс-шараға агробизнестің, салалық қауымдастықтар мен аграрлық одақтың, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысуда.

Сондай-ақ, бүгін сағат 16.30-да министр ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылатын бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингке қатысып, халыққа есеп беру кездесуін қорытындылайды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес орталық мемлекеттік орган басшыларының есеп беру кездесулері жыл сайын өтеді.

Төмендегі сілтемелер арқылы қарауға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=53QjcaCANPQ  

https://www.facebook.com/1637317843166117/posts/3024925454405342/?d=n

Басқа жаңалықтар

Back to top button