EducationБасты

Әлемдік QS рейтінгісінде ЕҰУ 90 орынға көтеріліп, 328 орынға ие болды

Еуразия ұлттық университеті 2 жыл ішінде QS World University Rankings 2022 рейтингінде 90 орынға көтеріліп, университеттердің жалпы рейтингісінде 328орынға ие болды. Рейтинг нәтижесін 2021 жылы 9 маусымда QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігі жариялады(Ұлыбритания).

Рейтингке әлемнің 93 елінен 1673 университет кіріп, тізімде Қазақстаннан 14 ЖОО ұсынылған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Студенттер мен оқытушылар құрамының арақатынасы», «Академиялық сарапшылар арасындағы бедел», «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Шетелдік білім алушылар» критерийлері бойынша рейтингтің көтерілуіне өз әсерін тигізіп, өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсарған.

ЕҰУ тізімде көрсетілген Лондон Университеті, Оңтүстік Австралия университеті, Израиль технологиялық институты сияқты әлемдік университеттермен бір деңгейде көрінді.

Биылғы рейтинг академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілер, студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты қадағалау, сонымен қатар,  ғалымдардың және шетелдік оқытушылардың сапалы білім беру дәрежесін бағалау арқылы қорытындыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button