Бүгін «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының 21-ші ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезең жеңімпазы INEOS Grenadiers командасындағы италиялық Филиппо Ганна болды. Француз Реми Каванна (Deceuninck – Quick Step) екінші орын алды, ал Jumbo-Visma командасынан Эдуардо Аффини үздік үштікке енді. Ал «Астана» сапындағы Маттео Собреро 4-орынға ие болды.
Турнир қорытындысы бойынша Александр Власов төртінші орын алды.