PoliticsБасты

Пандемия денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді – ҚР Президенті

Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өкінішке қарай, міне 1,5 жыл бойы пандемия бізге жүзбе-жүз жүздесуге мүмкіндік бермей отыр. Дегенмен, бұл жайт біздің бірлескен жұмыстарымыздың сапасына кедергі келтіре алмайтындығы қуантады. Елдерімізде жүзеге асырылып жатқан вакцинация мен өзге іс-шаралар таяу уақытта ахуалдың тұрақтануына мүмкіндік беріп, келесі отырысты дәстүрлі форматта өткізетіндігімізге сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, пандемия және онымен байланысты іс-шаралар жаһандану процесін үзіп, әлемдік шаруашылық тәртіптің құрылымын өзгертті. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда-экономикалық жанжалдар күрделі жағдайды күрделендіре түсуде.

«Осылайша, әлемдік қоғамдастық біршама күрделі сын-тегеуірінмен, міндеттермен бетпе-бет келіп отыр. Пандемия жаһандық және елдік деңгейде денсаулық сақтау жүйесі мен экономиканың әлсіз тұстарын көрсетіп бергені анық. Екінші жағынан, ол экономиканың жекелеген салаларының – фармацевтика өнеркәсібінің, медициналық қызмет саласының, биоинженерлік және цифрлық технологиялардың дамуына тың серпін берді. Осынау жаңа жағдайларда біз барынша өзекті мәселелердің – экономикалық дағдарыс салдарын қалай еңсерудің, экономика дамуының қалпына келу жолына шығудың тиімді шешімін табуымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button