PoliticsБасты

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы тікелей эфирден көрсетіледі

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйлейді.

Сондай-ақ Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде қатысады.

Айта кетейік, жиын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де «Хабар24» телеарнасы мен ҚР Президенті Баспасөз қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button