ӘлемБасты

Президент Тәжікстанға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруы бойынша екі күндік ресми сапармен Душанбеге келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Атап өтілгендей, бұл – Қазақстан Президентінің биылғы алғашқы шетелдік сапары.
Қазақстан Президентін Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
«Ертең түске дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ. Сондай-ақ Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді», – деп жазды баспасөз хатшысы.
Бұдан бөлек сапар бағдарламасына сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады және Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен және Тәжікстанның Премьер-Министрімен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button