Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемия кезіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясаты туралы пікір білдірді.
«Қазіргі кезде Қазақстан жаңа жауапкершілікті кезеңге аяқ басып отыр. Ол пандемия, жаһандық экономикада дағдарыстық құбылыстардың күшеюі, алдыңғы қатарлы әлемдік ойыншылардың геосаяси бәсекелестігінің ушығуы кезеңімен сәйкес келді. Осы және басқа да қолайсыз жағдайлар біздің мемлекеттің де дамуына өзінің теріс әсерін тигізбей қоймайды. Бұл жағдайда еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жан-жақты түгенделген, сындарлы саясатты жүргізуді жалғастырып келе жатқанына сенімдімін. Сондықтан біз осы қадамдарды қолдауымыз керек. Бұл саясат барша қазақстандықтардың мүддесіне және ұлтымыздың ары қарай дамуы мақсаттарына қызмет етіп жатыр», – деді Н. Назарбаев.